2024 жыл Қазақстанның баспасөз саласында қандай ерекшелігімен есте қалмақ? Азаттық әртүрлі ақпарат құралында істейтін журналистердің пікірін сұрады.
Биыл күзде Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың жақындары әкімшілік жауапқа тартылды. Марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 күнге қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Онымен бірге екі туысы 15 күнге қамалып, тағы біреуіне айыппұл салынды.
10 желтоқсан – адам құқығы күні. Маржан Аспандиярова, Макс Боқай, Ғалым Ағелеуов жеке тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстанда құқық қорғаушы болудың қиындығы қандай, елдегі адам құқығы ахуалы қалай деген сұраққа жауап берді.
Алматыда 21 күн комада жатқан сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның ісіне байланысты сот процесі өтіп жатыр. Денсаулығы жақсарған жауынгердің өзі де сотқа қатысты. Сарбаздың туыстары күдіктіге тағылған айыппен де, сот медициналық сараптама қорытындысымен де келіспейді.
Татарстан астанасында БРИКС саммиті өтіп жатыр. Ұйымға мүше тоғыз мемлекетті қосқанда жиынға 36 елдің ресми өкілдері қатысып отыр, олардың арасында БРИКС құрамына кіруге асықпайтын Қазақстан президенті де бар. Бұл саммит несімен маңызды? БРИКС-тің әлемдік геосаясаттағы рөлі қандай?
Мүгедектер, әлеуметтік әлсіз топтар ұзақ жыл күтіп, мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерлерінде ыстық су мен жылу жоқ. Неге?
Қазақстан билігі мемлекетке тиесілі активтерді жаппай жекеге өткізуге тағы бір тырысып көрмек. Ол үшін комиссия құрып, нені жекешелендіретінін түгендеп жатыр. Азаттық сөйлескен экономистер бұл бастаманы қолдайды.