Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.
25 желтоқсан Әзербайжан әуе компаниясының Embraer 190 жолаушы ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған. Бірақ ресми дерек бойынша, Грозныйда қалың тұман болғандықтан, Ақтауға жөнелтілген. Бірақ Ақтау әуежайына жете алмай қала маңындағы жазыққа бауырлай құлаған.
Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан жолаушы ұшағы неге теңізге қонбады? "Ұшаққа құс соғылғаны", "іште баллон жарылғаны" туралы нұсқалар айтылды. Шын мәнінде не болуы мүмкін? Embraer 190 ұшағы қаншалықты қауіпсіз? Сұрақтарға Авиация саласының сарапшысы Абыл Кекілбай жауап берді.
Әзербайжанның жолаушы тасымалдайтын ұшағы Қазақстан аумағында апатқа ұшырады. Куәгерлер не дейді? Ұшақ апатынан 29 адам тірі қалған. Екеуі бала. Олардың ахуалы қандай?
Рождество мерекесі қарсаңында Ресей Украина қалаларын ракеталармен атқылады. Украина Курск облысындағы қалаға шабуылдап, төрт адам мерт болды. Америкалық басылымдар Зеленский соғысты аяқтауға бейіл деп жазды. Соғыстағы ахуал. 24-25 желтоқсан.
Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының маңына жолаушы ұшағы құлады. Ресми дерекке сай, Бакуден Грозныйға бара жатқан ұшақта барлығы 67 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Грозныйда тұман болғандықтан ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған.
Украинаның мұздақты майдан даласынан Орталық Азияның базарларына дейін. Азаттықтың фотографтары 2024 жылдың жылнамасын қалай жасағанын айтып береді.
Осыдан он жыл бұрын "Қазақстанда жыл сайын жүзге жуық отандық фильм кинотеатрдан көрсетіледі, олар орыс киносын ығыстырып, Голливуд фильмдерінен бәсекелес болады" деген сөз орындалмас арман секілді көрінетін. Бірақ бүгін сол арманның орындалғанын көріп отырмыз.
Ресей әскері Украина қалаларына "тыныш әрі жылдам шабуыл" ұйымдастыру үшін электр "самокаттарды" қолданып жүр. Ресей халыққа әуе шабуылынан қорғану керегін хабарлау үшін үй домофондарын пайдаланбақ.
Тағы